-A A +A

Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру» және «Нормативтік құқықтық актілердің жобасына жүргізілген қоғамдық кеңестің сараптамасы және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау, рәсімдеу тәртібі жөнінде»

Аталған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Әділет департаментінің бөлімң басшысы Шолпан Досаева баяндама жасап, сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау барысында, аталған мәселеге аса көңіл аударылу қажет екендігі сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау, рәсімдеу тәртібін сақтау жөнінде барлық жергілікті атқарушы және өкілді органдардың назарларына жеткізді.

Кентау қалалық Әділет басқармасымен «Ашық есік күні» өтті

22 қыркүйекте Кентау қалалық әділет басқармасы ғимаратында  «Нұр Отан партиясы» Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес» береді Республикалық акциясы аясында қабылдау өткізілді.

«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

22 қыркүйек Арыс қалалық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясының  Арыс қалалық филиалының ғимаратында   нотариус, адвокат және мемлекеттік сот орындаушының қатысуымен бірлесе азаматтарды қабылдау  күні «Әділет кеңес береді» акциясыі өткізілді.

«Әділет кеңес береді» акциясының  мақсаты - азаматтарға ақысыз құқықтық көмек көрсету, халықтың біліктілігін арттыру, әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсету болды.

«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

22 қыркүйекте Сарыағаш аудандық әділет басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы  бірлесіп атқаратын  іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.  Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында акция    Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы  алдында  сағат 10 мен 12 аралығында өтті.  Акцияға Әділет басқармасының қызметкелері, «Нұр Отан» партиясы филиалы аппарат қызметкері,    адвокат, нотариус,   жеке және мемлекеттік сот орындаушылар қатысты. 

Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңесінің отырысы

22 қыркүйекте  мемлекеттік мекемелер мен  үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың заңгерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» Заң жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, міндетті әлеуметтік сақтандыру, үш тілді білім беруге көшу мәселелері талқыланды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды оңайлатылған түрде тіркеу

21 қыркүйекте Созақ ауданының Әділет басқарманың ұйымдастыруымен ХҚКО Созақ аудандық бөлімі қызметкерлері және аудандық нотариустармен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысы барысында Мемлекеттік қызметтерді электрондық қызмет арқылы оңайлату түрінде тіркеу тақырыбы талқыланды. Бұл рәсім халыққа және кәсіпкерлерге барынша жеңіл, әрі халықтың уақытын үнемдейді.

Сонымен қатар, осы тұрғыда Әділет органдары жұмысты жетілдіру үстінде екендігі айтылды.  

«Әділет кеңес береді»

21 қыркүйекте Қазығұрт аудандық әділет басқармасы қызметкерлерімен «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының ғимаратында Қазығұрт аудандық емханасы қызметкерлерінің  қатысуымен  «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңын халыққа түсіндіру, сауаттылықтары мен құқықтық  білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздегі, қағидаттары мен даму келешегі

21 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздегі, қағидаттары мен даму келешегі» тақырыбында  дәріс курсы өткізілді.

Аталған дәрісте Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы  Шыныбек Егембердиев «Шығармашылық нормасы. Нормативтік құқықтық актілерді шығару» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.

Дәріс соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Индустриалды техникалық колледжінде дәріс өтті

21 қыркүйекте Әл-Фараби аудандық әділет басқармасы Индустриалды техникалық колледжінде мұғалімдер мен студенттердің арасында ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылатын жерлердің атаулары туралы» Заңы тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шараның өткізу мақсаты, студенттердің арасында тауар таңбаларын қалай тіркеуге болатындығын, заңсыз тауар таңбасын пайдалану фактілері бойынша жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Құқықтық мониторингтің нәтижелері

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 1997 жылдан бастап 2017 жылдың 9 айында  мемлекеттік тіркеуден өткен 898 нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізілді.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарының ескірген, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді талап ететін 14 НҚА анықталып, мемлекеттік органдарға тиісті хаттар жолданды.

Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шаралары бойынша семинар

Бәйдібек аудандық әділет басқармасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, басқарма ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Өрт қауіпсіздігі жағдайларының алдын-алу» тақырыбында өткізді.

Семинар барысында Бәйдібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімнің бастығы, подполковник Қ. Ауелбеков және бөлімінің аға инженері Н. Айтбай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен бекітілген  Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптарға түсіндірме берілді.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша «Ашық есік күні» өтті

20 қыркүйекте Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл іс-шараға БАҚ-ның қатысуымен құқық иегерлер және тұтынушылармен, Ұлттық зияткерлік меншік институты Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы, аумақтық ІІО, мемлекеттік кірістер департаменті, әділет органдары және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 18 азамат кеңеске жүгінді.

Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен «Электронды тіркеу» тақырыбында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

20 қыркүйекте Түлкібас  Әділет басқармасымен «Электронды тіркеу» тақырыбында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Түлкібас ауданы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығының» операциялық залында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарын өткізу барысында азаматтармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдері туралы сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

«Әділет кеңес береді» атты акциясы өтті

Қыркүйектің 20 күні сағат 10:00 – 13:00 аралығында Шардара аудандық Әділет басқармасының ғимаратында Әділет басқармасымен азаматтарға тегін заң көмегін беру мақсатында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, Әділет басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Шардара аудандық филиалы, Шардара аудандық ауруханасы, аумақтық сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Беттер