-A A +A

Ақбиік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

2017 жылдың 13 шілдесінде Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен нотариус, адвокат және жеке сот орындаушының қатысуымен Ақбиік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Аталған шара «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізу мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында 10-ға жуық адамға кеңес берілді, сұрақтар көбінесе жер учаскесіне құқықтарды тіркеу саласы, мұраға қабылдау, жер кадастры бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашу, мекен жайын ауыстыруы туралы мәліметтері бойынша біршама сұрақтар қойылды. Сұрақтар барысында ауыл тұрғындарына тиісті жауаптар берілді.