-A A +A

Ауылдық округтің бюджетін туркеу бойынша семинар өтті

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-ші қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылған болатын.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен аудандық мәслихаттың құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін бекітуі көзделген болатын.

Аталған өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін мемлекеттік тіркеу мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметінің қызметкерлерімен, облыстық прокуратураның, Кәсіпкерлер палатасының, Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Бюджеттерді әзірлеу, қабылдау, тіркеу тәртібі туралы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Шолпан Досаева баяндама жасады.

Сонымен қатар, семинар барысында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілерге сараптама жүргізу және нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық сараптама жүргізу тәртібі туралы сұрақтар талқыланды.