-A A +A

«Авторлық құқықтарды қорғау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

6 желтоқсанда Сарыағаш аудандық әділет басқармасымен «Авторлық құқықтарды қорғау мәселелері» тақырыбында құқық қорғау органдарының, құқық иеленушілердің және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өкізілді.

Дөңгелек үстелде авторлық және сабақтас құқықтары саласындағы даулар туғызатын өзекті мәселелер, автор мен орындаушының мүліктік құқықтарын жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша контрафактпен күресудің тиімді жолдары талқыланды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін жақсартуға, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған.