-A A +A

Бірлескен іс-шара өтті

2017 жылдың 13 шілде күні Түркістан қалалық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын  талқылау мақсатында «Нұр-Отан» Партиясының  өкілдері мен басқарма қызметкерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта дәріс өткізілді. 

Іс-шара барысында әділет басқармасының  кеңсе іс-қағаздарын жүргізушісі Марина Білісбаева ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерін, сонымен қатар,  мемлекеттік қызметшілер және оған теңестірілген азаматтардың    жемқорлық жағдайын немесе  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті тудыратын  заңнамада көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттер жасамау қажеттігі туралы түсіндірді.