-A A +A

Бірлескен жұмыстардың нәтижелері

24 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының  орынбасары Балжан Алипбектің басшылығымен Шымкент қаласы әділет басқармаларының қызметкерлерінің, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және бас тартулардың санын азайту бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тартулар мен мерзімін үзулердің санын азайту мақсатында тіркеуші орган мен Мемлекеттік корпорация арасында туындап отырған қиыншылықтарды бірлесіп шешу мәселесі талқыланды.

Ал, 20 қазан мен 20 қараша күндері аралығында (алдынғы айдың, яғни қыркүйек айының 20 мен қазан айының 20 күндері аралығымен салыстырғанда) атқарылған жұмыстардың нәтижесі келесіні көрсетті:

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша - 60 /68/ бас тарту мен 39 /60/ тіркеу мерзімін тоқтату туралы бұйрықтар шығарылған, яғни бұл айда бас тартулар саны 26% азайған.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы келген мемлекеттік тіркеуге 11151 /10 574/ өтініш берілген, оның ішінде өтініштерге 11 /9/ мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, 61 /39/ өтінішке мемлекеттік тіркеуден уақытша тоқтату жасалған, яғни бұл айда бас тартулардың саны 11 % көбейіп, уақытша тоқтатулардың саны 21 % азайған.

АХАТ және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау ету бөлімімен бір айдың ішінде Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жалпы 238 өтініш келіп түскен, солардың ішінде «электрондық Үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы бір айда 48 өтініш қабылданған, ал қағаз түрінде 190 өтініш қабылданған.

Осыған байланысты, әділет органдары мен «Азаматтараға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті қызметкерлерінің бірлесе отырып атқарып жатқан іс-шаралары (үгіт насихат жұмыстары) нәтижесінде облысымызда бас тартулар мен мерзімін үзулердің саны біршама азайды.