-A A +A

Бизнес өкілдеріне дәріс өткізілді

12 шілдеде Шымкент қаласының Қаратау аудандық әділет басқармасының инспектор іс-жүргізушісі, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ ОҚОФ мүшесі Асхат Аюфин,  ЖШС «Спектр трейд LTD» қызметкерлеріне Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және 100 нақты қадам Ұлттық Жоспарының іске асыру  бойынша дәріс оқыды.

Дәріс оқу барысында үшінші жаңғырудың екінші басымдылығындағы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар,  бизнестің барлық түрлеріндегі шығындарды азайту, электрондық форматта қызмет көрсету, мерзімдерін қысқарту және құжаттар тізбесі, кайталау рәсімін алып тастау, ең жоғарғы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.