-A A +A

Борышкердің сот актісін орындамау салдары

Шымкент қаласы Қаратау аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы Қ.Керімжанов - Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 25.11.2014 жылғы сот бұйрығына сәйкес борышкер Байсбаева Ляззат Амангалиевна өндіріп алушы «Цеснабанк» Ақ-ның пайдасына 2 108 095 теңге 25 тиын қарыз сома және 63 242 теңге 85 тиын баж соммасына төлеуге міндеттелген. Алайда борышкермен бұл аталған талаптар ескертулерге қарамастан орындалмаған. Осының негізінде ОҚО жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М.Омаровтың ұсынысмен жинақталған іс құжаттарының негізінде борышкер қатысты әкімшілік хаттама түзіліп, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына шара көру үшін жолданып, нәтижесінде борышкердің кінәсі толығымен өз дәлелін тауып, ӘҚБтК-нің 669 бабымен айыпты деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Байсбаева Ляззат Амангалиевнаны әкімшілік қамауға алу мерзімі 10 қаңтар 2018 жылы 15 сағат 38 минуттан бастап есептелінеді.