-A A +A

Борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сайрам ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімімен ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында бірлесіп іс-шаралар атқарылды.

Іс-шара барысында 95 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 665, 669, 670 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 70 борышкер қамауға алынып, 25 борышкерге әкімшілік айыппұл тағылды.

Аталған іс-шара жылдың соңына дейін жалғасатындығы туралы халыққа БАҚ арқылы хабарланды.