-A A +A

ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: зияткерлік меншікті қорғау

7 қарашада Шардара аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен аумақтық жеке сот орындаушылар, аудандық мемлекеттік қызметкерлері мен  шағын және орта бизнес өкілдері үшін «ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген іс-шара барысында 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның «2016-2017 жылдарға арналған жаhандық бәсекеге қабілеттілік туралы есептің» мәліметтері баяндалды, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын бұзған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері талқыланд

Іс-шараның соңында қатысушыларға зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша өзекті сұрақтарға жауабы бар жадынамалар таратылды.