-A A +A

Дермене және Ақдала ауыл округінің тұрғындарымен семинар өтті

9 қарашада  Дермене және Ақдала ауыл округінің тұрғындарына құқық қорғау органдарының прокуратура, ІІБ—нің ЖПҚ өкілдері мен қалалық әкімнің бөлім басшыларының қатысуында «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша әділет органдары жұмысының көрсеткіштері»    тақырыбында семинары жүргізілді.

Семинар Арыс қалалық әділет басқармасының бас маманы С.Узбековамен  ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау сұрақтарына белсенді қызығушылық танытты.

Семинар соңында қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырған Әділет басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.