-A A +A

Әділет басқармасында атқару өндірісі саласындағы медиация мәселесі талқыланды

6 қарашада Түлкібас аудандық Әділет басқармасында атқару өндірісі саласындағы медиация мәселесі бойынша сот орындаушыларының адалдығын қамтамасыз етуге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Түлкібас  ауданының прокуратурасының өкілдері, жеке нотариустар, ауданның  медиаторлары,  мемлекеттік және жеке сот орындаушылары,  адвокаттар, әділет басқармасы мен ІІБ қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шарада атқару өндірісі саласындағы медиация мәселесі, осы институттың негізгі артықшылықтары мен сот актілерін орындау саласындағы медиация мүмкіндігі, оның ішінде алименттік төлемдерді жүзеге асыру бойынша мәселе белсенді талқыланды.

Сонымен қатар, Әділет басқарма қызметкерлері «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек көрсету туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін, азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін оның оң аспектілерін түсіндірді.