-A A +A

Әділет департаментінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне салтанатты іс-шара өтті

30 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде  «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күні» мерекесіне салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, салтанатты іс-шараны департамент басшысы О.Тастанов ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында «Жарқын  болашаққа  бастаған  Ұлт Көшбасшысы» тақырыбындағы баяндама оқылып,  мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің  ант қабылдау рәсімі өтті.