-A A +A

Дөңгелек үстел өтті

29 қарашада Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Әділет басқармасы Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық сотының, Мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық Әкімінің аппаратының өкілінің қатысуымен «Адам саудасы» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.  

Іс-шараның мақсаты – адам саудасынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету, адам саудасынан құрбан болған жандардың осы мәселе бойынша  мамандардың, кәсіби мамандардың және де қоғамның кең ауқымды назарын аудару болды.

Кесдесу барысында сөз сөйлеушілер, адам саудасы – әр бір елде бұл қай мемлекет болмасын миллиондаған адамдардың өміріне зиян тигізетін және адамның қадір-қасиетінен айыратын жаһандық мәселе екенін атап өтті. Әлемде ең масқаралы қылмыс бола тұрып, адам саудасы жаңылысу жолына әкеліп, әйел қауымын құрбан етіп, ерлер мен балаларды күн сайынғы пайдалану объектілеріне айналдырады.

«Дөңгелек үстел» өткізуді қорытындылай келе іс-шараға қатысушылар адамзаттың құқығы мен бостандығына әсер ететін мәселелерді талқылау бойынша отырыстарды жиі өткізіп тұруды шешті.