-A A +A

Дәріс өтті

13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің  инспектор-тіркеушісі Н. Спабеков «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында «С-Жан-Арыс» ЖШС-де лекция оқыды. Лекция барысында жаңа бастамалардың барлығы мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халық игілігі үшін жасалатындығы айтылып өтті. Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" көрсеткішткері бойынша бірқатар позицияларын жоғарылағандығы айтылып өтті. Лекция барысында ЖШС-ің қызметкерлеріне Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша ұстанымын жақсарту және Әділет органдарының заң жобалау жұмыстары жайлы  мағлұмат берілді.