-A A +A

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша семинар кеңес өтті

2017 жылдың 13 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімімен аудандық, қалалық  әділет басқармаларының заңды тұлғаларды тіркеу салалары қызметкерлерінің қатысуымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы семинар өтті.

Семинар барысында заңды тұлғаларды тіркеу саласымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен, заңды тұлғаларды  электрондық формат түрінде тіркеу тәртібін жетілдіру, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін тіркеу мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

Семинар соңында қытысушылар пікір алысып өйларымен бөлісті.