-A A +A

«Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісін жақсарту»

8 қарашада Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасының бас маманы Н.Айдаровпен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша ақпараттық жұмыс жоспарына сәйкес халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша №1 бөлімінің ХҚКО қызметкерлері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Семинардың мақсаты Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша әділет органдары қабылдап жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, өңірлерде түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017» рейтингіндегі есебінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан «Doing Business 2017» рейтингінде 35 ұстанымға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін жақсартты, осыған байланысты өз рейтингін «Doing Business 2016»-дағы 51 тармақтан 16 тармаққа көтерді.