-A A +A

Электронды қызмет түрлерін жұртқа таныту

Электронды қызмет түрлерін халыққа кеңінен таныту мақсатында Сайрам аудандық әділет басқармасының мамандары 9 қараша күні Ақсу ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібі түсіндіріп, практика жүзінде оларды қалай алу қажеттігі көрсетілді. Сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын қалай тіркейді» тақырыбында әзірленген жадынамалар таратылды.