-A A +A

«Электронды үкімет» порталы арқылы баланың тууын тіркеу

2017 жылдың 13 шілдесінде Мақтарал аудандық әділет басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында «электронды үкімет» порталы арқылы баланың тууын онлайн тіркеуге арыздарын қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, семинар-кеңеске «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Мақтарал аудандық бөлімінің маманы шақыртылып, «электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алуға қажетті электронды қолтаңбаны қалай рәсімдеуге болатынын айтып жеткізді.

Шараның қорытындысы бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласы бойынша электронды қызмет көрсетуді күнделікті жұмыс тәжірибесіне енгізілу қажеттілігі жөнінде шешім қабылдады.