-A A +A

«Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру»

7 қарашада Түлкібас аудандық Әділет басқармасында «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу»  ҚР Заңдарын зерделеу мақсатында ұйымдастыруымен «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты тақырыбында семинар  өтті.

Аталған іс-шараға Түлкібас аудандық Әділет басқармасы, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлері және Түлкібас ауданы әкімдігінің заң бөлімінің өкілі  қатысты.

Іс-шара барысында «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» Ұлт жоспарының бесінші реформасы талқыланып, 
«Ақпаратқа қол жеткізу», «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарының негізгі ережелері түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар  «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын басшылық етуді шешті.