-A A +A

Гендерлік теңдік

2017 жылдың 11 шілде күні гендерлік саясатын насихаттау мақсатында Түркістан қалалық әділет басқармасының кеңсе іс-қағаздарын жүргізушісі М.Білісбаеваның ұйымдастыруымен «Нұр-Отан» Партиясының  өкілдері мен басқарма қызметкерлерінің қатысуымен  «Гендерлік теңдік» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында гендерлік саясаттың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және отбасында әйелдер мен ерлердің теңдігін қалыптастыру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау  мәселелері қаралды.

Сонымен қатар,  неке және отбасы құндылықтарын насихаттау жұмыстары туралы, қоғамға қазіргі әйелдердің өркениетті бейнесінің құрылымын және  әйелдерге қатысты барлық кемісітулерді жоюды жүзеге асырылуы туралы  түсіндіріліп, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсіндірмелер берілді.