-A A +A

Гендерлік теңдік

5 желтоқсанда Түркістан қалалық Әділет басқармасының бас маманы Жамила Орынбаевамен Үшқайық ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлерінің қатысуымен  «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді.

Кездесу барысында әділет басқармасының бас маманы қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайы өзгерістерге ұшырауда. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді деп белгілеп өтті. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі.

Іс-шараның қорытындысы бойынша гендерлік саясат маңызды рөл атқаратыны және оны тиімді іске асыру үшін қоғам санасын, сонымен қатар халыққа гендерлік білім беру бойынша жүйелі жұмыс қалыптастыру қажет екендігі  белгіленді.