-A A +A

«Гендерлік теңдік» тақырыбындағы дәріс

Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында Түркістан қалалық әділет басқармасының кеңсе іс-қағаздарын жүргізушісі Марина Білісбаева басқарма қызметкерлеріне және «Нұр-Отан» партиясының өкілдеріне «Гендерлік теңдік» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында гендерлік саясаттың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және отбасында әйелдер мен ерлердің теңдігін қалыптастыру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау  мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау жұмыстары туралы, қоғамға қазіргі әйелдердің өркениетті бейнесінің құрылымын және  әйелдерге қатысты барлық кемісітулерді жоюды жүзеге асырылуы туралы  түсіндіріліп, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсіндірмелер берілді.