-A A +A

Хабарландыру

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестаттауға жеке сот орындаушысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №95 бұйрығымен бекітілген тәртіппен тағылымдамадан өткен, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі. Тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген:

«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»

Үміткердің өтінішіне (өтініш Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №249 бұйрығымен бекітілген "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасына сай рәсімделеді):

1) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

   дипломының бар екендігі туралы;

   тағылымдамадан өткендігі туралы;

3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16.

Туындаған сұрақтар бойынша 8 /7252/ 35-40-85, 8-771-698-14-89 телефондар арқылы хабарласуға болады.

 

Үміткер өтінішінің нысаны

Жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысуға үміткер тұлғаларды
аттестаттау бойынша комиссия төрағасына
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса))
мекенжайы:________________

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін

аттестаттауға жіберу туралы өтініш

 

      Маған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу
үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.
      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін.

      Өтініш беруші _____________________________ күні: ________
                         (Т.А.Ә. (бар болса))

      Қосымша:
      1.
      2.
      3
      4.

 

Қоса тіркелетін мәліметтер нысаны

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

I. Диплом туралы мәлімет:
1. Жоғарғы оқу орнының атауы ________________________________________
2. Мамандықтың шифрі ________________________________________________
3. Дипломның нөмірі _________________________________________________
4. Дипломның берілген күні___________________________________________
5. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
_____________________________________________________________________
1. сериясы және нөмірі:
2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________

II. Тағлымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағлымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________
2. Облыс ____________________________________________________________
3. Тағлымдаманың жетекшісі __________________________________________
4. Тағлымдаманың басталу күні _______________________________________
5. Тағлымдаманың аяқталу күні _______________________________________