-A A +A

Қарнақ халықымен кездесу өтті

4 желтоқсанда Кентау қалалық әділет басқармасының бас маманы М.Шаймерденова, ҚР БАС прокуратурасының ҚСжАЕАЖК ОҚО бойынша басқармасының Кентау және Түркістан қалалары бойынша аға прокуроры Ә.Қойшыбаев, ҚР БАС прокуратурасының ҚСжАЕАЖК ОҚО бойынша басқармасының Кентау қаласы бойынша статист маманы О.Жорабеков, қала әкімі аппараты құжаттандыру-әкімшілік бөлімінің бас инспекторы Р.Сайдуалиева, кентау ҚІІБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция майоры М.Тұрғанбаевтың ұйымдастыруымен  Қарнақ елді мекенінің М.Қашқари атындағы  мектеп ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдауды жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша құрылған мобильдік топтың Қарнақ  халқымен кездесуі болып өтті.

Кездесудің басты мақсаты халыққа «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын» түсіндіру.

Іс-шараға қатысушылар арасында аталған заң бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, тиісті мемлекеттік мекеме өкілдері өз құзыреті шегінде нақты жауаптарын берді.