-A A +A

Қазығұрт аудандық әділет басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді

4 желтоқсанда Казығұрт аудандық Әділет басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  әділет басқармасының және аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралардың ауқымын кеңейту болып табылады.

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы тұру мәселелерін талқыға салды.