-A A +A

Қазығұрт аудандық әділет басқармасымен семинар өтті

2017 жылдың 13 шілдесінде Қазығұрт аудандық әділет басқармасымен «Гендерлік саясат: әйелдердің қоғамдағы орны»  тақырыбында Қазығұрт аудандық білім бөлімінің Ә.Ақабаев атындағы мектеп қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді.

Семинар барысында басқарманың жетекші маманы Е.Абдрасилов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында гендерлік саясат ұғымын әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айырықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылатынын айтып өтті.

Мұнан соң қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.