-A A +A

Кездесу өтті

7 қарашада Мақтарал аудандық Әділет басқармасының басшысы Амангелды Абдуллаевпен Мақтарал аудандық әкімдігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір түрі» тақырыбында  кездесу өткізілді.

Кездесу барысында басшымен әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша заңнаманы жетілдіру туралы, әділет органдарымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілген жұмыстар туралы  айтылды.

Кездесу соңында басшы қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.