-A A +A

Қоғамдық қабылдау өткізілді

12 шілдеде Арыс қалалық «Нұр-Отан» партиясы филиалында әділет басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

 Қоғамдық қабылдаудың мақсаты - азаматтарға ақысыз құқықтық көмек көрсету, халықтың біліктілігін арттыру, әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсету болды.

Қоғамдық қабылдау барысында сатып алу - сату келісім шартын электронды түрде тіркеу туралы, мұраны рәсімдеу тәртібі, кәсіпкерлермен және тұрғындармен құжат рәсімдеу кезінде мекен-жай анықтамаларындағы үйдің реттік санының өзгеріп тіркелуінен туындайтын қиындықтардың алдын-алу шараларын көру түсіндірілді.

 Қоғамдық қабылдауға қатысушылардың сұрақтарына мамандармен  қанағаттанарлықтай жауаптар беріліп, бір-бірімен пікір алмасты.