-A A +A

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

2017 жылдың 5 шілдесінде Қазығұрт аудандық әділет басқармасымен  департамент басшысының орынбасары М.Исабековтің, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Сейдазимовтың, заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Ербекешовтің қатысуларымен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Зияткерлік  құқығың қорғау»,  «Меншік құқығы», Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін және «Меншік тіркеу», «Кәсіпкерлік ашу» индикаторы бойынша «Doing Business» Дүниежүзілік банк позициясының жақсарту бойынша шаралары айқындалды.

Азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарға толықтай жауап берілді және ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстары туралы сұрақтарға керекті мағлұмат бар арнайы брошюралар, буклеттер, ескертпелелері таратылды.