-A A +A

Кәсіпкерлік қызметті жақсарту бойынша семинар өтті

9 қараша күні облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы Ассамблеясының  конференц залында «Комерциялық нысандардың көрнекі ақпарат және деректеме мәтіндерін реттеу» мәселелері атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинардың жұмысына Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің  бас маманы Бауыржан Нұрпейісов қатысып, кәсіпкерлік қызмет жағдайын түбегейлі жақсарту мәселелері туралы баяндама жасады.

Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде тіркелген заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлік субьектілері атауларының, сонымен қатар, олардың көрнекі ақпараттарында орын алған кемшіліктерді (қателерді) жою және алдағы уақытта болдырмау үшін әділет органдары, салық органдары, кәсіпкерлік палатасы және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасымен бірлесіп іс-шаралар атқару келісілді.