-A A +A

Құқықтық қорғау және тауар белгісін тіркеу шарттары

29 маусымда Шымкент қаласы Қаратау аудандық Әділет басқармасының испектор іс-жүргізушісі, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ ОҚОФ мүшесі С. Мырзакеримов Халыққа  қызмет  көрсету орталығының № 5 филиалының қызметкерлеріне «Құқықтық қорғау және тауар белгісін тіркеу шарттары» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Дәріс оқу барысында тауар белгісін құқықтық қорғау оларды тіркеу тәртібі негізінде  ұсыныладығы, «Тауарды шығару жерінің атауы және қызмет көрсету белгілері, тауар белгілері туралы»  Заңмен бекітілгендігі және де тауар белгісін қорғау құқығы жеке және заңды тұлғаларға берілетіндігін атап өтті.

Тауар белгісіне құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тауар белгісі тізімімен дәлелденеді және Мемлекеттік тізімінде тіркелуі туралы жазбамен куәландырылады.

Тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты пайдалануға және билік етуге мүлдем құқылы. Қазақстан Республикасында қорғаудағы тауар белгісі иесінің келісімісіз ешкім пайдалана алмайды.