-A A +A

Құрылған ақпараттық топтың Ескі-Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

8 қарашада Түркістан қалалық әділет басқармасы мен нотариустар, адвокаттардан және қалалық прокуратура, әкімдігі қызметкерлерімен құралған ақпараттық топтың Ескі-Иқан ауылдық  округі тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүргізілетін шараларды және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын дамытудың аса маңызды екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шарада ақпараттық топ мүшелері азаматтар тарапынан қойылған азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін және қылмыстық заңнамаға қатысты сұрақтарға, және де жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және жалпы әділет органдарының құзыретіне кіретін басқа да сұрақтар бойынша заң кеңестері мен түсініктемелер берілді.