-A A +A

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

4 желтоқсанда Еңбекші аудандық әділет басқармасының басшысы Д. Ботан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа  қызмет  көрсету орталығы» департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша №4 филиалының қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі қаралды, сонымен қатар тоқтатып қою және бас тарту сұрақтары да қозғалды.

Еңбекші аудандық Әділет басқармасы басшысы Д.Ботан «Заң көмегін көрсету» және «Заң көмегін көрсету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Заң жобаларының тұжырымдамаларын түсіндіріп өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды.