-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

5 желтоқсанда Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру» бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша №2 бөлімінің ХҚКО қызметкерлері қатысуымен семинар кеңес өткізілді.

Семинар барысында әділет органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  ҚР заңының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарының бұзылуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың алдын-алу шаралары төңірегінде мәселелер талқыланды.

Қатысушылар пікірлерімен алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.