-A A +A

Мемлекеттік қызмет

2017 жылдың 11 шілде айында Сайрам аудандық Әділет басқармасымен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Сайрам аудандық бөлімінің қызметкерлерімен  мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін сақтауын, заңды тұлғаларды тіркеуде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметін халық арасында насихаттау бойынша семинар өткізілді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.04.2015 жылғы № 246 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары» (ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 949 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  бойынша түсініктеме берілді.