-A A +A

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері талаптарын түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел отырысы өтті

11 қаңтарда Сарыағаш аудандық әділет басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа  қызмет  көрсету орталығы» департаментінің Сарыағаш аудандық бөлімінің қызметкерлері үшін ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен Регламенттері  талабына сәйкес мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Аталған басқосуда басқарма басшысы С.Байдүйсен 2017 жыл көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесі арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды мемелкеттік тіркеу бойынша түскен құжаттарға жасалған сараптама қорытындысы бойынша талдау жасап, жіберілген кемшіліктерге тоқталды. Ары қарай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттары  талабын, ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу,  кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын тіркеу тәртібі бойынша заңдық кеңестер берді.