-A A +A

Мемлекеттік қызмет заңнамасы мен Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде ынтымақтастық туралы» Меморандум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Нұр Отан»  партиясының ОҚО бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен 12 қаңтар күні Әділет департаментінде «Мемлекеттік қызмет заңнамасы мен Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу»тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырмалар беріліп,  пікір алмасулар жүргізілді және баяндамалар оқылды.