-A A +A

Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс -қимылы

4 желтоқсанда  Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен әділет басқарма қызметкерлерімен аумақтық сот орындаушылар  бөлімінің қызметкерлерінің және Түлкібас ауданы әкімі Аппараты өкілдерінің қатысуында құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында қызметкерлерге басқарушылық қызметтегі құжаттама жасаудың, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың, құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жүргізудің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алудың тәртібін белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өтініштерді, құжаттарды қабылдау және оларды қарастыру мерзімдерін орнату, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерін сақтау бөлігіндегі заңнаманың нормалар түсіндірілді.        

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес тиімділікті бағалау жүзеге асырылатын бағаланушы мемлекеттік органдар қызметі блоктарының бірі «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылы» болып табылады. Осы блок бойынша бағалау халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, халықтың шағымдары мен өтініштерін қарау бойынша шаралардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.         

Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша нәтижелілікті арттыру және жоғары тиімдік деңгейіне жету мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұрау хаттарын қарастыру мерзімдерінің сақталуына тиімді ішкі бақылауды тиісті ұйымдастыру, қайталанған өтініштерді есепке алу жұмысын ерекше бақылауға алу, ақпараттық жүйеде электронды тіркеу құжаттарының (өтініштерді тіркеу карточкалары) барлық деректемелерін уақтылы және дұрыс толтыруды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.