-A A +A

Мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша кездесу өтті

12 шілдеде Шымкент қаласының Қаратау аудандық әділет басқармасының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығына келген жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша, атап айтқанда құжаттарды өңдеу мен қабылдау бойынша кездесу өткізді.

Іс шара барысында «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы бизнес субъектілерін тіркеу тәртібін қысқартуға және әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағытталған 2017 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның нормалары туралы түсіндірмелер берілді.