-A A +A

Некеге тұрушыларға кеңестер берілді

Отбасылық қарым-қатынастардың негізгі заңдылық құжаты 2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі болып табылады. Отбасылық қарым-қатынасқа енуші жастардың құқықтық сауаттылығы бұл отбасындағы өзара қатынастарды бастапқыдан дұрыс қалыптастыруна  мүмкіндік береді.

28 қараша 2017 жылы Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ саласы қызметкерлерінің қатысуында «Жас отбасы» клубы аясында некеге тұруға ниет білдірген  азаматтарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің отбасында ерлі-зайыптылардың теңдік құқығы, текті таңдау құқығы, отбасындағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін анықтау туралы негізгі талаптары түсіндіріліп, некені сақтауға пайдалы кеңестер берілді.

Әділет басқармасының бөлім басшысы Г.Медеуова- Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы отбасындағы  қарым-қатынасты өзара сыйластық және өзара көмек негізінде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына  қамқорлық ету парызы  екендігін айтты.

Кеңес соңында, отбасылық өмірде пайда болуы мүмкін көптеген маңызды сұрақтарға жауап берілді.