-A A +A

«Нотариат туралы» Заңының қабылдауына 20 жыл толады

14 шілдеде Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының қабылдауына 20 жыл толады.

Қолданыстағы «Нотариат туралы» Заңының нотариат саласын дамытуға қосқан үлесі аса маңызды екені сөзсіз. Заң жеке нотариат институтын қалыптастырды, осы заңға сәйкес, барлық облыстарда нотариатқа басшылық жасайтын жаңа құрылымдар - аумақтық нотариаттық палаталар ашылып, олардың қызметі реттелді. Азаматтар мемлекеттік нотариаттық кеңселерде ұзақ кезектерде тұрудан босатылды. Заңмен мемлекеттік органдар мен жеке нотариат жүйесі арасындағы қарым-қатынстар толығымен реттелді. Сонымен бірге, Заңда Халықаралық Латын нотариатының қағидалары мен ережелерін біздің еліміздегі нотариатқа енгізу жолдары қарастырылған. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі Заңда толық көзделген. 2003 жылы енгізілген өзгерістермен нотариаттық қызмет кәсіптік емес деп танылып, бұл жүйе қоғамдық-құқықтық институт ретінде бекітілген.

Ал, 2010 жылы қоғамның дамуына сәйкес, Заңға нотариаттың бірыңғай ақпараттық электронды жүйесі туралы толықтырулар енгізілген. Бірыңғай ақпараттық жүйе нотариустар арасында, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен нотариаттық палаталар арасында электронды түрде ақпарат алмасу мүмкіндігін ашты. Мұның барлығы, нотариаттық қызметтің сапасын жоғарылатты.

2011 жылы «Нотариат туралы» Заңға енгізілген өзгерістермен нотариустар санын белгелеу, бос орынға конкурстан өту туралы нормалары алынып тасталды. Бұл жаңалық әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған болатын. Сонымен қатар, нотариустарға және олардың қызметіне бақылау жасау жөнінде талаптар күшейтілді. Нотариаттық қызмет үшін алынатын төлемдерді бірыңғай түрге келтіру мәселелері қамтылды. Мұның барлығы халықты қол жетімді, ыңғайлы, сапалы нотариаттық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Осы Заңның қабылдауына 20 жыл толуына орай, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында орналасқан «Алма-Тау» тау курорты аймағында 30 мауысым 1 шілде аралығында Үшінші Қазақстан нотариустары спартакиадасы өткізілді.

Спартакиада жүзу, үстел теннисі, волейбол, мини-футбол, гір көтеру спорт түрлері бойынша сайыс және өнерпаздар байқауы өтті.

Спартакияданы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұхит Тұрғараев ашып, Республикалық нотариаттық палатасының өкілдерін және нотариат жүйесіне қатысы бар қызметкерлерді осы мерекемен құттықтады.