-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде жеке сот орындаушыларымен жиналыс өтті

28 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының және Шымкент қаласындағы жеке сот орындаушыларымен Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында сот актілерін орындау саласы бойынша көзделген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде жиналыс өтті. 

Жиналыс барысында мемлекет пайдасына сома өндірулер, оның ішінде орындауда тұрған айыппұл өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістерінің орындалуын қамтамасыз ету,  облыс аумағында «Алимент төлеуден жалтаруға қарсы 30 қадам» Жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы, алимент өндіру санатындағы атқару құжаттары бойынша заң нормаларына сәйкес борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту, жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері қаралды.

Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жеке сот орындаушылары тарапынан ұсыныстары мен пікірлері талқыланып, атқарушылық іс жүргізу саласында жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталатын шаралары айқындалды.