-A A +A

Семинар кеңес өтті

28 қарашада  Мақтарал аудандық  әділет басқармасымен   «Нұр Отан» партиясының қызметкерлерінің қатысуымен «Адвокаттық  қызмет және  заң көмегі туралы»  және «Адвокаттық  қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын  талқылау бойынша семинар кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында Әділет басқармасының басшысы А.Абдуллаев білікті заңды көмекті көрсету саласындағы бар проблемаларды шешуге бағытталған  заң жобаларының жаңалықтарымен және негізгі ережелерімен қатысушыларды таныстырды.

Кездесу нәтижесінде жиналысқа қатысушылар заң жобаларының негізгі ережелерін мақұлдап оларды қабылдаудың халыққа көрсетілетін заңды көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап айтты.