-A A +A

Семинар өтті

27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру» бөлімі мен  Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық  Әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен  «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында семинар өтті. Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" көрсеткішінің позициясы 18 орыннан 17 орынға жоғарылағандығы айтылып өтті. Сонымен қатар  семинар барысында ҚР-ң кейбір заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша айтылып өтті.