-A A +A

Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті

28 қарашада облыс тұрғындары Оңтүстік Қазақстан облысының ең білікті заңгерлері мен адвокаттарынан тегін заң көмегін алу мүмкіншіліне ие болды.

Бұл мүмкіншілікпен, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысуға келген 150-ден астам адам пайдаланды.

Азаматтарға адвокаттардан, заңгерлерден, жеке сот орындаушылардан, сонымен қатар прокуратура, әділет департаменті, ішкі істер департаментінің өкілдерінен құралған 35 сарапшы 3 сағат бойы кеңестер берді.

Адамдар, құқықтарының әр қилы саласына қатысты, атап айтқанда, жер телімін алу, рәсімдеу, алимент төлеу, турғын, отбасы, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, соттылықты шешу, сотқа дейінгі өндіріс туралы, сұрақтар қойды.

Одан бөлек, акцияға психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін өмір жолында қиын жағдайларға ұшыраған адамдарда келді. Оларға жылы сөз бен ашық және шынайы әңгіменің өзі де жеткілікті болатын. Бұл фактілер (жағдайлар), республикалық органдар тарапынан, халыққа осындай көмек көрсететін немесе осындай көмекті қайдан алуға болатынын көрсететін, қызмет немесе бөлімше құру қажеттілігін көрсетті.