-A A +A

Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау салдары

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 16.09.2015 жылғы атқару парағына сәйкес борышкер Исаев Умиджан Ергешевич «Цеснабанк» АҚ-ның пайдасына «Лада» автокөлігін қайтару және 991 теңге сот шығынын төлеуге тиіс. Алайда борышкермен бұл аталған талаптар ескертулерге қарамастан орындалмаған. Осының негізінде ОҚО жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы О.Омаровтың ұсынысымен жинақталған іс құжаттарының негізінде борышкер У.Е.Исаевке қатысты әкімшілік хаттама түзіліп, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына шара көру үшін жолданып, нәтижесінде борышкердің кінәсі толығымен өз дәлелін тауып, ӘҚБтК-нің 669 бабымен айыпты деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Исаев Умиджан Ергешовичті әкімшілік қамауға алу мерзімі 27 қараша 2017 жылы 16 сағат 04 минуттан бастап есептелінеді.