-A A +A

Созақ аудандық әділет басқармасымен атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

8 қарашада Созақ аудандық әділет басқармасы аумақтық сот орындаушылар бөлімі және жеке сот орындаушыларымен бірігіп әділет басқармасының басшысы Ғ.Мұсаевтың төрағалығымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жарияланған «Бес институционалдық реформаны» жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 27-қадамын орындау мақсатында алимент өндіру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына Созақ аудандық әділет басқармасы және сот орындаушылар бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ, аға сот орындаушысы С.Ізбалаев пен жеке сот орындаушысы Б.Ағабеков қатысты.

Дөңгелек үстел отырысы барысында талапкердің арызы негізінде жеке сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша сондай-ақ, алимент өндіру мен борышкерлерді мәжбүрлеп әкелу бойынша проблемалы сұрақтар талқыланды.