-A A +A

Сынақ қабылданды

Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімімен сала қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін білу деңгейін анықтау мақсатында, қалалық, аудандық әділет басқармаларының осы салаға қатысты жауапты мамандарынан сынақ қабылданды.  

Сынақ алу үшін арнайы комиссия құрылып, комиссия төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейржан Исабеков болды.

Сынақ барысында сала қызметіне қатысты қойылған сұрақтарға сынақ тапсырушылардан тиісті  жауаптар алынды.