-A A +A

«Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу және қорғау» мәселесі бойынша семинар

10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық, аудандық әділет басқармаларының зияткерлік меншік құқықтары саласына жауапты мамандарының қатысуымен «Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу және қорғау» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – зияткерлік меншік аясындағы білім деңгейін көтеру және оқыту, сонымен қатар аталған салада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, атап айтқанда тауар таңбаларының құқығын бұзу, контрафактілік өнімді таратумен күрес мәселелерін талқылау болды.

Бөлімнің басшысы өз сөзінде зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық аспектілеріне тоқталды, аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мәселесін қозғап, зияткерлік меншік жүйесін дамытудың мәселелері мен болашағы туралы айтты.

Кездесудің соңында барлық келіп түскен сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.